395px

Hino da RSS do Cazaquistão (1945 - 1991)

Hinos de Países

Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан
Торлаған тұманнан жол таппай тұрғанда
Жарқырап Лениндей күн жығып, атты таң

Жасасын Советтер Одағы
Жеткізген еркіндік, теңдікке
Бастайтын елдерді бірлікке
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!

Дақ салмай Лениннің жеңімпаз салтына
Ұрпағы қосты даңқ Оттаның даңқына
Одақтас, ұрандас елдердің қамқоры
Көп алғыс айтамыз ұлы орыс халқына

Жасасын Советтер Одағы
Жеткізген еркіндік, теңдікке
Бастайтын елдерді бірлікке
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!

Іргелі мемлекет, ерікті болдық ел
Достықпен, бірлікпен жайнайды туған жер
Еңбекте, майданда, жеткізген жеңіске
Данышпан Партия, сүйікті кемеңгер

Жасасын Советтер Одағы
Жеткізген еркіндік, теңдікке
Бастайтын елдерді бірлікке
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!

Escrita por: Abdilda Tazhibaev / Yevgeny Brusilovsky